СҚО тұрғындарына бюджет қаржысын үнемдеу ұсынылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған кәсіпкерлердің облыстық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері жене сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жетекшісі Ғалым Тұрсынбаевтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлықтан ада аймақтардың бірінен саналады. Соған қарамастан бұл өңірде де мәселе жоқ емес.

«2015 жылдан бері жемқорлықпен байланысты тәуекелдерді талдап келеміз, бұл ретте кәсіпкерлік саласымен тікелей байланысы бар салаларды да назардан тыс қалдырған жоқпыз. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен өзге де бірқатар салалар бар»,-деді Ғ.Тұрсынбаев.

Сондай-ақ жиында кәсіпкерлер палатасы мен департамент арасында ынтымақтастық жөнінде жол картасы әзірленгендігі айтылды. Ал жемқорлықпен байланысты тәуекелдер кәсіпкерлерді толғандырып отырған 16 бағыт бойынша жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы саласында шаруа қожалықтарына бюджет қаржысын бөлу бағытындағы тәуекелдер анықталды. Я,ни Аграрлық несие корпорациясы арқылы несие рәсімдеу үшін артық құжаттар талап ету жағдайлары байқалған.

Жалпы алғанда жол картасы барысында анықталған жемқорлықпен байланысты тәуекелдерді жою үшін 40-тан астам нормативтік құқықтық актілер дайындалып, олардың 12-і қабылданған.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев жол картасымен жұмыстардың биылғы жылы да жалғасатынын және оның бизнес жұмысын жетілдіруге бағытталатынын жеткізді. Бұл жұмыстар 5 бағыт бойынша жүргізіліп, 16 шара атқарылады. Нақтырақ айтқанда болашақта кәсіпкерлерге шектен тыс көп талап қою жағдайлары жойылып, мемлекеттік органдардағы процестер автоматтандырылып, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасы артады.

Форум барысында Қоғамдық бақылау картасы жобасы таныстырылды. Оның талаптары бойынша, бюджет қаржысын үлестіруде қандай да бір заңсыздықтары байқаған кез-келген тұрғын мемлекеттік қызмет істері департаментіне тікелей шыға алады. Мысалы мемлекеттік бағдарлама аясында жол құрылысы сапасыз жүргізілетін болса, ол туралы арнайы әзірленген WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.



Соңғы жаңалықтар