СҚО тұрғындарына аптап ыстық болатыны туралы ескерту жасалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі күнге ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазгидромет» РМК дерегі бойынша, 17-18 шілдеде өңірде ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 33 градусқа дейін ыстық болады. Өрт қаупі жоғары болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті орман өртінің қаупі барын ескертті.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 11 орман өрті болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, екі есе көп.

Соңғы жаңалықтар