СҚО тұрғындары уақытша тіркеуге байланысты сенаторлардың қабылдауына келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Перепечина мен Серік Билялов азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Солтүстікқазақстандықтар баспана алу және жұмысқа орналасу мәселелерінен бөлек, азаматтарды тұрғылықты мекенжайына міндетті тіркеу заңының нормаларын түсіндіруді сұрады.

Зейнеткер Айман Нұрсейітова немере тәрбиелеп, пәтер жалдап тұрады. Өзі әпкесінің үйіне тіркелген. Жалдамалы пәтеріне оны кімнің тіркеуге тұрғызғысы келетінін түсіне алмауда.

null

Петропавл тұрғыны Константин Васильевтың жағдайы бұдан да қиын. Ұлының эстетикалық мектепке барып, фортепианода ойнаумен айналысуы үшін әжесінің үйіне тіркелуі қажет.

«Менің өз баспанам жоқ. Мен туыстарымның үйінде тұрып, ұлыма қараймын. Мені сол жерге тіркеді. Жұбайым анасының үйіне, ұлым әжесінің баспанасында тіркелген. Егер үйге тіркелетін болса, оны тұратын мекенжай бойынша басқа мектепке ауыстыруға тура келеді», - деп айтты ер кісі.

Сенаторлар уақытша тіркелудің балаларды балабақшаға да, мектепке де дайындауға кедергі келтірмейтінін түсіндірді.

«Сіз өзіңіз тұратын жерге тіркелуіңіз керек. Егер сіз пәтер жалдайтын болсаңыз, пәтер иесі сізді тіркеуі тиіс. Ол жауапкершілікті өз мойнына алады. Мүлікті иелену құқығынсыз тіркелесіз. ХҚКО-ға баруыңыз керек. Бұл жерде қорқатын ештеңе жоқ», - деп айтты Ольга Перепечина.

Соңғы жаңалықтар