СҚО тұрғындары көлік нөміріне инициалдарын қойып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Солтүстік Қазақстан облысының 8 тұрғыны өз автомобиліне «әдемі» нөмір сатып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер сол сегіз нөмірдің жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асқанын айтты. Соның төртеуінде тұрғындар «ХХХ», «ТТТ» серияларын және өз инициалын қойғанды жөн санаған.

СҚО ІІД тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы Сергей Гизбрехт теріскейліктер арасында «015» нөмірі танымал екенін айтып, мұны өңірдің нөмірімен байланысты деп түсіндірді.

«Бірақ бұл нөмір сұраныс жоғары нөмірлердің тізіміне кірмейді, сондықтан оған тапсырыс беруге болмайды. Тек біркелкі әріп таңдау жағынан, айталық, егер автомобиль иесі «015ТТТ15» нөміріне тапсырыс берсе - ешқандай қиындық туындамайды», - дейді Сергей Гизбрехт.

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлерін алу үшін автомобиль иесі 137 АЕК немесе 329 485 теңге төлейді. Осы нөмірлерді біркелкі әріп белгілерімен бірге сатып аламын дейтіндер 194 АЕК төлеуі қажет. 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлеріне 548 мың теңгеден көбірек, ал біркелкі әріптермен бірге алу үшін 685 мың теңгеңізді қиясыз.

Соңғы жаңалықтар