USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

СҚО тұрғындары бір күнде интернет-алаяқтарға 5 млн теңгелерін беріп қойған

2021 жылғы 6 желтоқсан 21:55
Бөлісіңіз:
СҚО тұрғындары бір күнде интернет-алаяқтарға 5 млн теңгелерін беріп қойған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Алаяқтар Солтүстік Қазақстан тұрғындарынан бір күнде 5 млн теңге алдап алған. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде бүлікшілердің полицейлерге жасаған шабуылының видеосы жарияланды Қаралы қаңтар: Қызмет барысында қаза тапқандардың балаларына грант бөлінеді Алматыда жаппай ереуіл кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапты

«Өткен сенбіде бірден 6 интернет-алаяқтық тіркелді. Екі жағдайда «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалу» схемасы қолданылған. Бұл – алдаудың ең көп таралған әдістерінің бірі. Алаяқтар жәбірленушілерді шотындағы ақшаға қауіп төніп тұрғаны туралы жалған ақпарат айтып қорқытады. Бұдан кейін шот иесінен ЖСН, банк картасының нөмірі және CVV-коды, sms арқылы келетін бір реттік кіру паролі сияқты деректерді сұрайды», - деп жазады ҚР ІІМ сайты.

Алаяқтардың айтқанына сеніп, үлкен сомада несие алып, оны басқа шотқа аударатын аңқау тұрғындар да бар көрінеді.

«Біреудің атына несие алу да ең көп тараған алаяқтық схемаларының бірі. Дәл осындай алаяқтыққа тап болған Петропавл тұрғыны 2,5 миллион теңге шығын шекті. Тұрмыстық техника сатылатыны туралы хабарландыруда көрсетілген нөмірдің иесі алдын ала төлем жасау үшін бүкіл банк реквизиттерін айту қажет деген шарт қояды. Осылай ол жылдар бойы жинаған ақшасынан айырылып қалды. Облыс тұрғындарына өздерінің жеке және қаржылық мәліметтерін ешкімге сеніп тапсырмау, айтпау керектігін ескертеміз», – дейді СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT