СҚО трассасында арнайы техникаға екі көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі жеңіл көлік жол тазартып жүрген арнайы техникамен соқтығысты, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«16 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы тұсында, «Челябі-Новосібір» автожолының 609-шақырымында Volkswagen Caravelle, Lada Granta көліктері мен жол үстін қардан тазартып жүрген Урал арнайы техникасы соқтығысып қалды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті: Урал, Volkswagen Caravelle автокөліктерінің жүргізушілері және Volkswagen Caravelle, Lada Granta жолаушылары. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады полициядан.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жинап жатыр.


Соңғы жаңалықтар