СҚО трассасында 4 автокөлік соқтығысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 09.30-да «Жезқазған-Петропавл» автожолының 956-шақырымында, Петропавлдан шығар жолда болған.

Облыс орталығынан Бескөл ауылына бет алған «Nissan Juke» автомашинасы «Volkswagen» автокөлігіне соғылған. Көлік авариялық белгісін қосып, жол шетіне тоқтауға мәжбүр болды.

Кейін «Mercedes-Benz» көлігі алдымен «Nissan Juke»-ке, одан әрі «Toyota Land Cruiser Prado»-ға соғылған.

Зардап шеккендер жоқ. «Nissan Juke» және «Mercedes-Benz» автомашиналарының жүргізушілеріне «Көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі.

Өткен жылы СҚО аумағында 238 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 38 адам қаза тауып, 315-і жарақат алды. Жыл басталғалы 7 жол-көлік оқиғасында бір адам қаза тауып, 7-еуі жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар