СҚО Тәжікстан мен Ауғанстанға жұмыртқа экспорттайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасы Тәжікстан мен Ауғанстанға жұмыртқа экспорттайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Тайынша құс фабрикасы жуық арада осыған қатысты келісімге қол қояды.

Фабриканың бас технологі Қанат Жүсіпбеков келісімнің шарттарын орындау үшін өнімділік арттырылады.

null«Кәсіпорын жылына 146 миллион дана жұмыртқа шығарады. 2017 жылы 11,8 миллион дана өндірген болатынбыз, ал үстіміздегі жылдың 4 айында өнімділік 27,5 миллион данаға жетті. Алдағы уақытта өндімділікті арттыруды жоспарлап отырмыз. Бірінші кезеңде 150 миллионға жеткізсек, екінші кезеңде 200 миллионнан асырамыз», - дейді Қ. Жүсіпбеков.

Фабрикада тауықтар күніне 180 мың дана жұмыртқа басады.

null«Біз өнімді Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарына және Астана қаласына сатамыз, сондай-ақ Ресейге де экспорттаймыз. Қазіргі кезде Тәжікстан және Ауғанстан елдерімен келісім жасасу үстіндеміз», - дейді Қ. Жүсіпбеков.

Айта кетейік, құс фабрикасы соңғы жылдары тоқырауға ұшыраған болатын. 2017 жылдың сәуірінде саудаға түскен кәсіпорын жаңғыртылып, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Соңғы жаңалықтар