СҚО Тайынша ауданының жаңа әкімі тағайындалды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Тайынша ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берік Әлжанов 1976 жылғы СҚО Есіл ауданы Чириковка ауылында туған. Екi жоғары бiлiмi бар: 1993-1998 жылдар аралығында С. Сейфуллин атындағы аграрлық университетте мал дәрiгерi, 2011-2013 жылдар аралығында «Көкше» академиясында экономика, қаржы мамандықтары бойынша бiлiм алған.

Еңбек жолын туған ауылында физика пәнiнiң мұғалiмi болып бастады. 2001-2007 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігінде Есiл аудандық аумақтық басқармасы құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшi маманынан басшысына дейiнгi лауазымдарды атқарды.

2007-2010 жылдар аралығында Есiл ауданы ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы болды.

2010-2015 жылдары СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлiмiнiң басшысы;

2015-2019 жылдары СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.

Соңғы тағайындауға дейін облыстық ветеринария басқармасының басшысы лауазымында болды.



Соңғы жаңалықтар