СҚО су қоймаларындағы мұз қауіп тудыра бастады

None
None
ПЕТРОПАВЛОВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан өңірінің құтқарушылары қыста суға түсетіндерге қауіптен сақтануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғандай, облыстың су қоймаларында ауа температурасының көтерілуінен және өзендерде мұздың мол көлемде шайылуынан оның қалыңдығы жағалау сызығының жанында - 10 сантиметрден төмен, яғни қауіпті деңгейге жетті.

«Біз мерекелік іс-шараға қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеміз: суға тек белгіленген жерде түсу керек. Мұз қатқан жерге көптеп жиналуға болмайды. Қоршаудан шығудың да қаупі бар. Мұзға қалыңдығы мен оның үстіндегі адамдарды бақылайтын полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың нұсқаулары міндетті түрде сақталуы тиіс», - делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылар суға түсу кезінде азаматтарға өз мүмкіндіктері мен денсаулықтарын ескеріп, алкогольдік ішімдік ішпеуге шақырады. Бүйрек аурулары, жүрек-қан тамыр аурулары, жоғары қан қысымы, қант диабеті бар және жүкті әйелдерге суға түсудің қажеті шамалы. Жарақат бар жағдайда немесе кенет әлсіздік пайда болса қыстыгүні суға шомылудың керегі жоқ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 19 қаңтарда облыстың кейбір жерлерінде қар, боран және тұман болжануда. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 13 градус аяз болады. Күндіз 0-ден 5-ке дей, кей жерлерде 8 градусқа дейін аяз болады.

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар