+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

СҚО су қоймаларында су деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі күшейді

2021 жылғы 2 наурыз 21:55
Бөлісіңіз:
СҚО су қоймаларында су деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі күшейді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында үш су қоймасы болса, соның екеуі – Сергеев және Петропавл су қоймалары шамамен 90 %-ға дейін толған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде республикалық тасжолдың бір бөлігін су шайып кетті Су тасқыны: Елорда іргесіндегі Қоянды кентіндегі жағдай тұрақтанды Су тасқыны: ҚР ТЖМ өңірлер бойынша жағдайды айтты

Бүгін СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көктемгі су тасқынының алдын алуға қатысты өңірде атқарылып жатқан жұмыспен таныстырды.

Метеорологиялық болжам бойынша және ылғал қорын саралай келе мамандар биыл СҚО-да көктемде су тасқыны болады деген болжам жасап отыр.

«Күзгі ылғал қоры кей жерлерде нормадан 36%-ға артық. Қар қалыңдығы жылдағыдай болғанымен, топырақ 60-150 см аралығында қатқан. Сергеев су қоймасы 88,1%-ға толып, мұз қалыңдығы 70 см-ге жеткен. Петропавл су қоймасы 89%-ға толған, мұз қалыңдығы – 41 см», - дейді СҚО ТЖД бөлім бастығы Серік Наурызбаев.

Арнайы қызметтердің көктемгі су тасқынына әзірлігін тексеру мақсатында 4-5 наурыз аралығында «Көктем-2021» республикалық команда-штабтық жаттығуы өтеді.

Жағдайды бақылауда ұстау үшін департаментте арнайы штаб та құрылған.

«Қазір СҚО-да 6 мыңнан астам тұрғыны бар 79 елді мекенді көктемде су басу қаупі бар. Оның 30-ы өзендердің, 13-і көлдердің тасуынан, қалғаны еріген қар суынан зардап шегуі мүмкін. Тағы 92 елді мекенді бақылауда ұстап отырмыз. Су тасқынымен күреске 484 адамнан құралған арнайы топтар жасақталды. Олардың қарамағында 155 техника, 8 жүзу құралы және 83 мотопомпа бар. Күрделі жағдай туындайтын болса қосымша 2 мыңға жуық адам, 1,5 мыңға жуық техника тартылады», - дейді Серік Наурызбаев.

Бүгінге дейін елді мекендерден 780 текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыс әлі де жалғаспақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT