USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды

2021 жылғы 2 желтоқсан 13:58
Бөлісіңіз:
СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының сотына жаңа төраға тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бұл қызметті Ербол Жанғазин атқармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының жаңа директоры тағайындалды Берік Беркімбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды Мирболат Аюпов «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Бүгін СҚО сотының жаңа төрағасын ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин таныстырды. Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, өңірдегі құқық қорғау органының жетекшісі, облыстық және аудандық соттың судьялары қатысты.

Ербол Жанғазин 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1995 жылдан бастап Алматы қаласында судья, Алатау аудандық сотының төрағасы, Павлодар облыстық, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы болып жұмыс істеді.

Ал бұған дейін СҚО сотын басқарған Ерлан Айтжанов Алматы қалалық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT