+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

СҚО «сары» аймақта: Карантиндік шаралар күшейтіледі

2021 жылғы 9 сәуір 12:58
Бөлісіңіз:
СҚО «сары» аймақта:  Карантиндік шаралар күшейтіледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті. Осыған орай бүгін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдетілді Ақтөбеде мектеп-интернаттар екі апта карантинде болады Алматыда карантин күшейтіле ме

СҚО санитаириялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде КВИ жұқтырғандар саны күрт артып отыр. Өткен аптамен салыстырғанда 129-дан 164-ке дейін, яғни 1,3 есе артқан. Жұқтырғандардың 86 %-ы дәрігерлерге ауырып көрінген. Тек өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 49 жағдайы тіркелді. Соның 22-сі Петропавлда, 10-ы Тайынша ауданында және тағы 7 ауданда анықталды.

«Аймақтарда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес СҚО бүгіннен бастап «сары аймаққа» кірді. Осыған байланысты жаңа қаулы шығады. Облыста 12 сәуірден бастап бірқатар карантиндік шектеулер енгізіледі», - дейді СҚО СЭБД басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Санитар дәрігердің айтуынша, бильярдтардың, балалардың ойын алаңдарының, аттракциондардың, аквапарктің жұмысы тоқтатылады.

Ас беруге тыйым салынып, діни нысандардың жұмысы шектеледі.

Спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтеді.

Мәдениет нысандары 30 адамнан асырмай жаттыға алады.

Мектепке дейінгі мекемелерді 25 баламен кезекші топтар ғана жұмыс істейді.

Жексенбі күндері қоғамдық моншалар мен сауналар жабылып, кинотеатрлар мен театрларда, концерт залдарында көрермен санын 20 %-дан асыруға болмайды.

Штаттық кестеде 15 қызметкерден артық болған жағдайда қызметкерлердің 50 %-ы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі.

«Бірер күннен кейін мұсылмандар үшін қасиетті рамазан айы келеді. Облыстың барлық тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтауға шақырамыз. Үйде отбасылық үлкен іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Ауызашарға тек отбасы мүшелері ғана қатыса алады. Талаптарды сақтамау жағдайдың ушығуына әкелуі мүмкін», - дейді Арман Күшбасов.

Қазір СҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 13 233-ке жетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT