СҚО прокуратурасы 2014 жылғы жұмысының нәтижесі бойынша мемлекетке 700 млн. астам теңге қайтарды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында өткен СҚО прокуратурасы алқасының отырысында қадағалау органы қызметкерлерінің өткен жылғы жұмысының қорытындыларын шығарған бірқатар маңызды мәселелер айтылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарланады.

Отырыс жұмысына аймақ басшысы Ерік Сұлтанов пен ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель қатысты. Прокурорлардың айтуынша, 2014 жылы қадағалаудың барлық желілері бойынша аймақтағы заңдылық пен құқық тәртібін нығайту бойынша жұмыс өткізілді. Прокурорлардың қолданған шараларының нәтижесінде мемлекетке 700 млн. астам теңге қайтарылып, 17,5 мың азаматтың құқығы қорғалды, азаматтардың қылмыстық жауапкершілікке заңсыз қатыстырылуын төмендету беталысы бар. Облыс прокуроры Степан Зайтлерлің айтуынша, осы жұмыстың барлығын биылғы жылы да жалғастыру керек.

«Өз қызметтік міндеттерін атқара отырып, прокуратура қызметкерлері күн сайын кәсібилігін, жұмысқа қабілеттілігі мен іске адалдығын көрсетуде», - деп атап өтті облыс әкімі Ерік Сұлтанов, қадағалау органы қызметкерлерінің алдында бірқатар міндеттерді қойып.

Соңғы жаңалықтар