СҚО полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің мақұлдауымен Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне басшы болып полиция полковнигі Марат Сағынтайұлы Төлебаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны департаменттің жеке құрамына Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди таныстырды.

Марат Төлебаев 1969 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын құқық қорғау органдарында 1990 жылдың қазан айында бастап, орта және аға басшылық құрамның түрлі лауазымдарында қызмет етті.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде Сарыарқа, Алматы аудандық басқармаларының бастығы, Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар