СҚО полицейлері жолда бұзылып қалған автобустың жолаушыларын құтқарды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жолда бұзылып қалған Петропавл -Қостанай бағытында кетіп бара жатқан автобустың жолаушыларын құтқарды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Кеше сағат 13 шамасында «Петропавл-Қостанай» күрежолында Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Светлое ауылы тұсында «MAN» маркалы автобус жолда қалды. Автобус Петропавл-Қостанай жолбағытымен жүріп бара жатқан болатын, оның салонында алты жолаушы және екі жүргізуші болды. Осы кезде осы жолдың бойымен аудан орталығы Пресновкадан Макарьевка ауылына Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің тергеу-жедел тобының қызметкерлері келе жатқан болатын. Полицейлер тоқтап, жағдайды білгеннен кейін оларға қажетті көмек көрсетті. Автобустың отын жүйесінде жазғы дизель отыны қатып қалған болатын. Полицейлер келгенше жүргізушілер бакты дәнекерлеу лампасымен жылытып, әлектенген», - делінген хабарламада.
Жамбыл облысы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Арыстан Сұлтанғазиевтің түсіндіруінше, қалааралық автобустың бұзылып жолда қалғаны туралы ақпарат СҚО ІІД жол-торуыл полициясы батальонының қызметкерлері мен құтқарушыларға жедел берілген. Жақын маңайдағы елдегі мекеннен трактор әкелініп, машинаны сүйреп тұтандырып жіберді, сөйтіп, автобус одан әрі қарай сапарын жалғастырды.
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 2087 адамнан анықталды
- Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
-
Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма
-
БҚО-да 10 адам әкімшілік қамауға алынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




