СҚО полицейлері ведомстволық госпитальдің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Медицина қызметкерлері күнін ведомстволық госпитальдердің дәрігерлері де атап өтті. Аймақтық Полиция департаментіне қарасты емхана-госпитальде қазіргі таңда 68 қызметкер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір тұрғындарының тыныштығын 2000 тәртіп сақшысы күзетсе, полицейлердің денсаулығы «СҚО ПД емханасы мен госпиталі» ММ-нің 68 қызметкерінің бақылауында.
Жалпы алғанда госпиталь 20 мың адамға қызмет көрсетеді, олар: полицейлерден басқа, ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратураның, басқа да күш құрылымдарының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері.
Емхана бір күнде 250 адамды қабылдай алады. Бұдан басқа 30 орынға шақталған стационар, бактериологиялық және клиникалық зертханалар жұмыс істейді. Медициналық орталық қызметкерлері ішкі істер органдары зейнеткерлерін назардан тыс қалдырмайды, үйлеріне барып, қажетті ем-дом жасап, тексерістен өткізіп тұрады.
Мерекеге орай департамент басшысы Марат Төлебаев госпитальға қажет бағалы сыйлықтар - тұрмыстық техника тапсырды. 18 қызметкер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Құрмет көрсетілгендердің ішінде мекеменің 6 ардагері, дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар бар.
«Ардагерлеріміз бен қызметкерлеріміздің денсаулығы үшін жасап жатқан қызметтеріңізді бағалаймыз. Сіздер адамға берілген ең үлкен байлық - өмір мен денсаулықты күзетесіздер, сақтайсыздар. Әрқайсымыздың сіздерге деген алғысымыз шексіз. Өздеріңіздің күнделікті еңбектеріңізбен қошемет-құрметке лайықсыздар», - деді Марат Төлебаев.
Кеш Полиция департаментінің вокалды тобының концертіне ұласты.
- Елордада оқушыларға арналған МӘМС бөлімі құрылады
- Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді
- Биыл Петропавлдағы әскери-техникалық мектепті 260 түлек бітірді
- СҚО-да Тәуелсіздік күні қарсаңында 40 астам жаңа нысан пайдалануға берілмек
-
СҚО полицейлері ескертеді: Шырша кескендерге 75 мың теңге айыппұл салынады
-
Ауған соғысының ардагері 30 жылдан кейін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам