Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

СҚО полицейлері тоннаға жақын спирттік өнімді заңсыз айналымнан алды

2019 жылғы 23 шілде 22:09 227
Бөлісіңіз:
СҚО полицейлері тоннаға жақын спирттік өнімді заңсыз айналымнан алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында рейд барысында полицейлер тоннаға жақын спирттік өнімді заңсыз әкетіп бара жатқан көліктің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңаөзенде уақытша қамау абақтысынан қашқандар ұсталды Ақтөбеде көз жұмған дүкеншінің күйеуі мән-жайды айтып берді Интернет алаяқтың арбауына түспеудің жолы қандай – полиция кеңес береді

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға түнгі сағат 02:30-дар шамасында Ғабит Мүсірепов ауданындағы Рузаевка-Возвышенка автожолында болған. Рейдтік шара барысында патрульдік полицейлер ГАЗ-330210 көлігін тоқтатады. Рөлде Көкшетау қаласының 26 жастағы тұрғыны болған.

Автокөлікті тексеру барысында одан 5 литрлік пластик бөтелкелерге құйылған 900 литр спирттік өнім табылды. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші ілеспе жүк құжаттарын көрсете алмаған.

Заңсыз өнім тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданбақ.

«Алкоголь өнімдерін сату барысында көптеген заңбұзушылықтарға жол беріледі. Ең жиі кездесетіні – 21 жасқа толмағандарға және 23.00-ден кейін ішімдік сату. Сондай-ақ спирттік өнімдерді белгіленген бағадан төмен сатқан деректер анықталды. Бағасы төмен болса, оның қолдан жасалғаны анық. Жыл басынан осындай заңбұзушылықтарға жол бергені үшін және алкогольді тиісті құжаттарсыз сатқаны үшін ауданда 12 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 177 литр болатын 369 шөлмек спирттік өнім айналымнан алынды», - дейді Ғ.Мүсірепов ауданы полиция бөлімінің бастығы Айдос Ыдырысов.

Жалпы СҚО бойынша жыл басынан спирттік ішімдіктерді сатуда 218 заңбұзушылық тіркелген. Оның 136 дерегі заңсыз саудаға қатысты. Нәтижесінде 615 литр өнім айналымнан алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT