СҚО полицейлері ресейлік азаматшаға хабарсыз кеткен жұбайын табуға көмектесті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснодар өлкесінің тұрғыны жоғалып кеткен жұбайын солтүстікқазақстандық полицейлердің көмегімен тапты, деп хабарлады СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің бастығы Берік Біләловтың блогына Краснояр өлкесінің тұрғыны Елизавета Сидоровадан алғыс хат келіп түсті.

«Краснояр өлкесінің тұрғыны Елизавета Сидорова ІІД-нің бастығына жазған хатында полицейлерге оның туындаған мәселесін шешуге белсене атсалысқаны үшін алғысын білдірді. Петропавл полицейлері Омбы қаласына шығып, әйелге онымен ұзақ уақыт байланысқа шықпаған жұбайын табуға көмектесті. Күйеуінің жол-жөнекей Петропавлда болғанын білген әйел телефон арқылы Петропавл стансасындағы ЖІІБ-нің патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлеріне хабарласты», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары іздеу шараларын өткізіп, Омбыдағы әріптестерімен хабарласты. Жоғалған ресейлік азамат сол түні табылды. Ер адам Омбыда болған екен.

Соңғы жаңалықтар