СҚО полицейлері Наурыз мерекесіне арнап, 300 келіден астам палау басты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қадағалаумен қатар мерекелік шараларды да ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары дәстүр бойынша Петропавл қаласында өткен киіз үйлер байқауына қатысты. Киіз үй мен арнайы дайындалған орындарда полицейлер қонақтарға палау, қуырдақ, бауырсақ сияқты тағамдар ұсынды. Тәртіп сақшыларының киіз үйлерінің жанында дала халқының күнделікті тіршілік барысында қолданған жылқы, түйе сияқты жануарлар мен бүркіт құсы да тұрды. Осыған қарай ішкі істер органының өкілдері тіккен кийіз үй нағыз селфи алаңына айналды десе болады. Мұнда келіп суретке түсіп жатқан тұрғындар өте көп болды.

«Мереке күндері тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді. СҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Билялов жеке құрамға бұқаралық серуендер кезінде қоғамдық тәртіпті жіті қадағалауды тапсырды. Полицейлер тек Петропавл қаласында ғана емес, барлық 13 ауданда қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде»,-деді баспасөз қызметіндегілер.

Қала тұрғындарына Ішкі істер департаменті өкілдері ұйымдастырған вокалды топ әншілерінің өнерлері де мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Облыстың барлық полиция бөлімшелері жұмылдырылды. Біздерге, яғни полиция қызметкерлеріне Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын мәдени-бұқаралық шараларға атсалысу қалыптасқан дәстүр. Оның үстіне биылғы жыл біз үшін ерекше жыл. Маусым айында еліміз қазақстандық полицияның 25 жылдығын атап өтеді. Бүгінгі біздің мақсатымыз қала тұрғындары мен қонақтарын көктемнің жаңару күнімен құттықтау, жерлестеріміздің бүгініміз бен болашаққа деген сенімдерінің зор болуына ықпал ету»,-деді СҚО ІІД бастығының орынбасары Виктор Букреев.

1 2 3 4 5 7 8  

Соңғы жаңалықтар