СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертеді

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан тұрғындары үшін интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілінің қаупі төніп тұр. Қаскөйлер ірі банктің белгілі мобильді қосымшасын пайдалануда. Жәбірленушілердің барлығы мобильді қосымшаы арқылы салық бойынша немесе коммуналдық қызмет төлемі үшін есеп шоттары туралы хабарламалар алған және оларды төлеген. Ақша жалған кәсіпкер ретінде шотқа шығарған киберқылмыскерлердің қалтасына түсіп отырған.

Полицейлердің айтуынша фейк хабарламаларды ажырату қиын емес. Жалған хабарламаларда «сатушы» деген сөз бар, ал салық немесе коммуналдық қызмет төлемдерін алу құқығы бар ұйымдардан келетін хабарламаларда ол сөз болмайды. Шынайы хабарламаның сол жағында ұйымның логотипі орналасқан – алаяқтарда логотиптің орнына есімнің не тегінің бірінші әрпі болады. Алаяқтар көрсететін «ҚР Салық АҚ», «KAZtransGAZ АҚ» және т.б. сияқты ұйым атаулары нақты ұйымдардың атауларына ұқсас көрінгенімен, толық сәйкес келмейді.

Қылмыскерлердің есебі – адамдардың басым бөлігі төлемді автоматты түрде жасауына көзделген. Қаскөйлер солтүстікқазақстандықтардан 12 миллионнан астам теңгені олжалаған.

«Қазіргі уақытта СҚО Полиция департаменті облыстық банк филиалы атына ақпараттық хат жолдады. Хатта алаяқтардың банкте тіркелу мүмкіндігін азайту бойынша ұсынымдар көрсетілген. Облыс тұрғындарын сақ болуға шақырамыз. Төлем жасау туралы хабарлама ала қалған жағдайда, шын түбіртектермен салыстырыңыз. Күмәндансаңыз, ұйымға хабарласыңыз және хабарлама жолдағаны не жолдамағаны туралы нақтылап сұраңыз», – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.


Соңғы жаңалықтар