+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

СҚО полицейлері ескертеді: Шырша кескендерге 75 мың теңге айыппұл салынады

2019 жылғы 11 желтоқсан 19:08
Бөлісіңіз:
СҚО полицейлері ескертеді: Шырша кескендерге 75 мың теңге айыппұл салынады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күні ішінде 600-ден астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күннің ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 64 адам, ішімдікке қатысты заңнаманы бұзған 8 адам ұсталған. 57 ата-ана баласының беймезгіл уақытта көшеде жүргені үшін жауап берді. Көлік жылдамдығын шектен тыс асыру, рөлге мас күйде отыру секілді құқық бұзушылықтар да жиі кездеседі. Сондай ақ ел аумағында болу тәртібін бұзған 33 шетелдік азамат анықталды.

«Іс-шараны өткізудегі мақсат – көшелерде, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті күшейту. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Нөлдік төзімділік» принципін бекітіп, қоғамдық тәртіптің бұзылуына әсер ететін құқық бұзушылықтармен күресу. Жедел-профилактикалық іс-шара бүкіл ел аумағында 9 желтоқсаннан бастау алды», - дейді СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тәртіп сақшылары қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға алды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері шыршаны кескендерге әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын ескертеді. Айыппұлдың мөлшері жеке адамдарға 75 мың теңге болса, лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге 30-дан 500 АЕК-ке дейін. Бір қылқан жапырақты ағаш 37 мың теңгеге – 15 АЕК бағаланған. Егер келтірілген шығын мөлшері 100 АЕК асып кетсе, тәртіп бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, былтыр облыста шыршаны заңсыз кесуге қатысты бір ғана дерек тіркелген. Соттың үкімімен Мамлют ауданының тұрғыны 60 сағат түзету жұмыстарына жегілді. Биыл қазан айында қарағай ағаштарының көшеттерін қазып алған үшеу ұсталды. «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар келтірілген шығынның орнын толтырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT