СҚО полицейлері былтыр із-түзсіз кеткен ер адамға іздеу салды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының қылмыстық полиция бөлімі 60 жастағы ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Александр Яковлев 4 тамыз күні үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз. А. Яковлев «Горизонт» бау-бақша қоғамында тұрған.

Оның белгілері: дене бітімі орташа, бойы 175-180 сантиметр, шашы қысқа, қарақоңыр, қой көзді, мұрты бар. Үйден шығарда басында қара түсті бас киім, үстінде қара күрте, көк свитер, көк джинсы шалбар, аяғында қара бәтеңке болған.

Полицейлер А. Яковлевтің қайда екені туралы қандай да бір мәліметке ие азаматтардан «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар