СҚО полицейлері айыппұлы төленбеген көліктерді жолда ұстап жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері әкімшілік айыппұлын төлеуден жалтарып жүргендерді жолда анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, борышкер жүргізіп келе жатқан машиналарды автокешен арқылы анықтайды. Жылжымалы бағдарламалық-аппараттық автокешеннің қолданылып жүргеніне бірнеше жыл болған. Ол қаптаған автокөліктердің арасынан борышкер мінген машинаны жазбай таниды.

«Үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айында 72 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, жалпы сомасы 272 миллион теңгені құрайтын айыппұл салу жөнінде 35,6 мыңнан астам қаулы шығарылған. Соның 191 миллион теңгесі өндірілді», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, егер құқықбұзушы 40 күн ішінде айыппұл төлемесе, жеке сот орындаушысының қаулысымен борышкердің машинасы арнайы автотұраққа жіберіледі.

Операция үш күнге жалғасады. Оған әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері барынша жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар