СҚО полицейлері Астана тұрғынын таңғалдырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жолда бұзылып қалған автобустың қасында жарты күн бойы кезекшілік еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ресей мен Оңтүстік Қазақстан облысы аралығында қатынайтын 42 жолаушысы бар автобус жолда бұзылып, түнде Мамлүт ауданы Белое ауылына жақын маңда қалып қойған.

Автобусты облыстық жол-патруль полициясы батальонының экипажы байқап қалған. Тәртіп сақшылары ТЖ алдын алу үшін автобустың қасында оны жөндеп бітіп, жолға шыққанға дейін кезекшілік еткен.

Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Арыстан Сұлтанғазиевтің айтуынша, түнде жолды көру қиынға соғатындықтан, соқтығысу қаупі жоғары болады.

Солтүстікқазақстандық патрульдің жұмысы Астана тұрғыны Марина Чейшвилиді таңғалдырды. Әйел рульді басқарып шаршап, жолдың бойына тоқтаған. Оның айтуынша, жолдан өтіп бара жатқан патруль машинасы қайта келіп, көмек қолын ұсынған. Бұл жағдай Маринаны таң-тамаша етті.

«Сіздер шынымен менің жағдайымды білу үшін ғана тоқтадыңыздар ма? Солай да бола ма? Мен сіздерді тәртіп бұзғандар ғана қызықтырады деп ойласам» дедім таңырқап. Жігіттер менің қызық сұрағыма күлді... Явленкада тоқтағаннан кейін, әрі қарай жолға шықтым. Таныс патруль машинасын көріп, қол бұлғап едім, олар да маған қол бұлғап, ізет білдірді. Жүрегімді қуаныш кернеді. Құрметті ҚР ІІМ СҚО Ішкі істер департаменті, жол полициясы батальонының керемет жігіттеріне шексіз алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер!», - деп жазды астаналық Марина Чейшвили әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Соңғы жаңалықтар