СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі героин саудасының жолын кесті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аса ірі көлемде героин сатпақ болған күдіктіні ұстап, есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Криминалдық полиция басқармасының бірлескен іс-шарасы өз нәтижесін берді. Тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерде сатуға дайындалған героин орамалары анықтады. Алынған есірткінің жалпы салмағы шамамен 28 г, бұл - аса ірі мөлшерге жатады.

Есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған 1976 жылы туған Петропавл тұрғыны ұсталды. Сот оны 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Мамандардың айтуынша, аталған факті «Есірткі, психотропты және сол тектес заттарды өткізу мақсатында оны заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталмыш бап 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын көздейді.
null

«Биыл біз есірткі саудасына қатысты 18 фактіні анықтадық. Есірткіні айналымын жедел анықтау, жолын кесу үшін басқарма басқа бөліністермен ұдайы өзара іс-қимыл жасасып отырады», - дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Жандос Басыбаев.
null

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста жыл басынан айналымнан барлығы 73 кг 292 г есірткі алынды, оның 72 г - героин.

Соңғы жаңалықтар