+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО полицейлері 724 қаруды жойды

2020 жылғы 4 шілде 05:00
Бөлісіңіз:
СҚО полицейлері 724 қаруды жойды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бір жыл бойы тәркіленіп, жиналған 724 қаруды арнайы комиссияның қатысуымен жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-ның емдеу мекемелеріне 20 оттегі концентраторы таратылды Петропавл полицейлері ұрыларды ұстауға көмектескен тұрғындарды марапаттады Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органның қызметке қабылдау шарттары жеңілдетілді

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде тәркіленген, акция барысында тапсырылған қаруды заңдастыру көзделмеген, сондықтан олардың барлығы жойылуы тиіс. 1-2 шілде күні өңір полицейлері осындай қарудың кезекті партиясын жойды. Бұл жұмыс жылына бір рет, комиссияның қатысуымен міндетті түрде бейне тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Ең алдымен полицейлер камераға жойылуы тиіс қарулардың нөмірлерін атайды, ұңғыларын кесіп пайдалануға жарамсыз етеді. Кейін мөрленген жәшіктерге салынған қару-жарақ күзетпен құрыш балқытатын пеші бар кәсіпорынға жеткізіледі. Осы жолы 724 қару балқытылды. Оның ішіндегі 26-сы әкімшілік және қылмыстық соттардың шешімімен жойылды.

«Бұл көбіне заңсыз сақталған, браконьерлерден тәркіленген, қылмыскерлерден алынған қару-жарақ. Негізінен заңсыз қаруды облыс тұрғындары өз еркімен тапсырып жатады. Көп жағдайда мұра ретінде қалған аңшылық мылтықты да тапсырады, адамдар қауіпті затты ресімдегісі келмейді. Жоғалған немесе жасырылған қаруды тауып алып тапсыратындар да бар. Мұнда тек тегіс ұңғылы қару ғана жойылады, ойықты қару Алматыға жіберіледі», - дейді СҚО Полиция департаменті Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Александр Терехов.

Бұл жолы жойылған 724 қарудың 109-ын солтүстікқазақстандықтар тіркелмеген қаруды сатып алу бойынша былтырғы акция барысында тапсырған. Полицейлер ерікті түрде тапсыру арқылы ғана заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Жүргізіліп жатқан акция аясында тіркелмеген қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды тапсырғандар ақшалай сыйақы ала алады. Ол үшін аумақтық полиция бөлінісіне немесе «102» арнасына қоңырау шалу қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT