+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

СҚО полицейлері 7 адамды өртеніп жатқан үйден алып шықты

2019 жылғы 22 желтоқсан 01:16
Бөлісіңіз:
СҚО полицейлері 7 адамды өртеніп жатқан үйден алып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары 7 адамды тілсіз жаудан құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада көлік полицейі бір отбасын өрттен аман алып қалды Жер үйдегі өрт бір адамның өмірін қиып кетті – ШҚО Алматыда өртенген пәтерден әйел адамның мәйіті  табылды

«Көкшетау-Рузаевка» тасжолында кезекшілікте жүрген жол сақшылары Ерлан Данкин мен Азамат Бқоев таңғы сағат 06:30 кезінде Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл елді мекеніндегі жанар-жағар май бекетіне тоқтаған. Осы сәтте көмек сұраған дауысты естіген олар бірден оқиға орнына жетеді. Осылайша жанып жатқан үйдің терезесінен іштегі адамдардың барлығын сыртқа шығарып, өрт сөндірушілерді шақыртқан. Жедел құтқару тобы өрттің неден шыққан салдарын анықтауда», - делінген хабарламада.

«Үйдің терезесінен көмек сұраған дауыстарды естідік. Содан соң қоршаудан секіріп өтіп, жанып жатқан үйдің ішінен 3 кішкентай бала және 4 әйел адамды сыртқа шығардық. Құтқару кезінде жанып жатқан үйдің көршісі бізге көмек көрсетті», - деді СҚО Полиция департаментінің инспекторы Ерлан Данкин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT