+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

СҚО ПД баспасөз хатшысы Динара Сағындықова халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

2019 жылғы 18 қазан 20:55
Бөлісіңіз:
СҚО ПД баспасөз хатшысы Динара Сағындықова халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Динара Сағындықова Ресей Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Щит и перо» атты журналистердің халықаралық байқауынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жетісай ауданының әкімі Шаблан Ділдәбеков ауылының тұрғындарымен кездесті Төле би ауданының әкімі ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады Қазақстанда 18 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл «Щит и перо» байқауы 18-рет ұйымдастырылған, ал 2012 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие. Полицейлердің, журналистер мен медиаменеджерлердің Ресей полициясының күнделікті жұмысын көрсететін шығармашылық жұмыстары, медиажобалары бағаланып, үздіктерді РФ ІІМ басшысы Владимир Колокольцев марапаттады.

Жеңімпаздардың ішінде Леонид Каневский, Владимир Соловьев, Алексей Пиманов, Анна Шафран секілді танымал журналистер болған. Ал Динара Сағындықованың «Дорога славы» атты еңбегі «Ынтымақтастық» аталымында жеңіске жетті. Мақалада солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының Екінші Дүниежүзілік соғыс жауынгерлерінің ерлігін қалай құрметтейтіндігі туралы айтылды.

ТМД елдерінен қатысқан 30 конкурсанттың ішінен тек үш адамның еңбегі жоғары бағаланды. Динарадан басқа «Ынтымақтастық» номинациясында Өзбекстан Республикасы ІІМ Біріккен редакциясы «На посту» басылымының меңгерушісі Георгий Петросян және Ресей ІІМ «Профессионал» ғылыми-тәжірибелік альманахы бас редакторының орынбасары Валерий Кулик диплом мен қол сағатқа ие болды. Аталған номинацияны «Наша версия» баспа үйінің президенті Николай Зятьков табыс етті.

Қазылар алқасының құрамында танымал қоғам қайраткерлері, федералды бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері болды. Байқаудың аймақтық кезеңдері ұйымдастырылғандықтан олардың назарына мыңдаған жұмыс ұсынылды. Полиция подполковнигі Динара Сағындықова бұл конкурсқа Қазақстанның атынан қатысты.

«Марапаттаудан кейін танымайтын адамдар бірінен соң бірі келіп мені құшақтап, құттықтап, қуанышымды бөлісті. Олар РФ ІІМ оқу орындарында оқитын біздің қазақстандық курсанттар екен. Мәскеуліктердің де біздің елге деген құрметі зор. Оны мен метрода да, мейманханада да, марапаттау салтанатында да сезіндім. Бізге осындай байқауларға қатысуға, шығармашылығымызды шыңдауға мүмкіндік берген ҚР ІІМ, өзімнің СҚО Полиция департаментіне алғысым зор. Бұл – біздің ведомствоның ортақ жеңісі», - дейді Динара Сағындықова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT