СҚО өзенінде балықтың жаппай қырылу себебі анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау ауданының Кіші Қоскөл көлінде балықтың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, биылғы тамыз айының соңында көлде 500 келі мөңке балығы қырылды. Экология департаментінің мамандары көлден су сынамаларын алып, тексерді.

«Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Комиссия лабораториялық зерттеулер нәтижесін ескере отырып, балық суда күкіртсутектің болуынан өлді деген тұжырымға келді. Су қоймасының жағдайын тұрақты бақылау шешілді. Көлді қолданып отырған «Першина И.Д.» жеке кәсіпкерлігіне балық ресурстарының қырылуы қайталанбас үшін ғылыми мекемемен бірге су қоймасына кешенді зерттеу жүргізу ұсынылды», - деді Экология департаментінен.

Айта кетсек, биылғы мамыр-тамыз айлары аралығында СҚО-да балықтың қырылуының үш фактісі тіркелді.

Мамырда М.Жұмабаев ауданындағы Питное көлінде болды. 500 келі мөңке суға күкіртсутектің түсуінен өлген.

Тамызда мөңке балығы Тайынша ауданы Шағлытеңіз көлінде қырылды. Экология департаменті бұл оқиғаның нақты себебін бүгінге дейін жариялаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар