СҚО: Орман шаруашылығының директорына 6,7 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында сот орман шаруашылығының директорына 6,7 млн тенге айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Соколов орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М. Құрманғалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады», - делінген хабарламада.

М. Құрманғалиев жалпы көлемі 600 текше метр болатын ағаштарды кесіп, тасып әкетуге құқық беретін құжаттарды еш кедергісіз ресімдеу үшін жекеменшік компанияның директорынан 396 мың теңге мөлшерінде пара алған.

2 шілде күні Қызылжар аудандық сотының үкімімен М. Құрманғалиевке 6 млн 750 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот айыппұлды төлеу мерзімін 2 ай деп белгіледі. Егер айыппұл төленбесе, ол бас бостындығынан айыру жазасымен ауыстырылады.

Бұдан бөлек, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар