СҚО-ның жер инспекциясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Бейбітбек Жайлыбаев СҚО әкімдігінің Жер инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейбітбек Шыңдалыұлы 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын, Жамбыл гуманитарлы-техникалық университетін зооинженер, экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдады. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты болып бастады. 2005-2015 жылдары Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында түрлі қызметте және Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.

2015-2016 жылдары Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап осы күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар