СҚО-ның жас өрт сөндірушілері халықаралық жарыстан жеңіспен оралды

None
None
ТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының жас өрт сөндірушілері І Халықаралық жас құтқарушылар слетінен алтын жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөзқызметінің хабарлауынша, І Халықаралық жас құтқарушылар слеті Көкшетау қаласында өтті. Чемпионат кубогы үшін Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және республиканың 14 облысының командалары жарысты.

Жарысқа қатысушылар 7 кезеңнен сүрінбей өтулері керек болды. Олардың ішінде «Визит карточкасы», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Өрт эстафетасы», «Акваториядағы құтқару жұмысы» секілді жарыстар болды. Ыстық ауа райы да жас құтқарушыларға жақсы нәтиже көрсетуге кедергі келтірмеді.

Қатысушылар сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтарға жауап берді, жергілікті жерді бағдарлап, картография және халықаралық қауіпсіздік белгілері бойынша сұрақтарға жауап берді. Балалар өздерінің жалпы физикалық дайындығын көрсетіп, қолда бар заттардан зембіл жасады. Алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпионаттың алтынын Қазақстан құрамасы жеңіп алса, күміс Ресей Федерациясы командасына, ал қола Өзбекстанның жас құтқарушыларына бұйырды.

Ал, облыстың командалық есебінде 14 облыстан бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының құрама командасы, екінші орынды Ақмола облысының спортшылары, үшінші орынды еліміздің елордасының командасы иеленді. Жүлделі орындарға ие болған командалар кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар