СҚО-ның тұрақтандыру қорында 500 тонна қант бар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына 3 вагон қант келе жатыр. Бұдан басқа тұрақтандыру қорында 500 тонна қант бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исаев өңірдегі қантқа қатысты жағдайға түсінік берді. Тауардың бұл түрі облыста жеткілікті, яғни қолдан жасалған дүрбелеңге ерудің қажеті жоқ.

«Облыстағы ірі көтерме саудагер «Козлов» ЖК Тараз қант зауытынан келісін 405 теңгеден 136 тонна, яғна 2 вагон, Ресейден келісін 420 теңгеден 66 тонна - 1 вагон қант сатып алды. Вагондар жолда келе жатыр. Аптаның соңына дейін тауар жетуі керек. Жалпы өңірдегі ірі сауда желілерінің айлық қажеттілігі 82 тоннаны құрайды.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында 500 тонна қант бар. Бұл қант әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сауда орындарына, ірі сауда желілеріне, супермаркеттерге, сауда үйлеріне жеткізіледі. Бағасы - 312 теңге», - дейді Данияр Исаев.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, бұл көлем қыркүйек айына дейін жетеді. Бірақ, соңғы күндері қантқа деген сұраныстың күрт артуына байланысты «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ тағы 136 тонна - 2 вагон қант сатып алуға қосымша келісімшарт жасады.

«Тұтыну нормаларына сәйкес есептейтін болсақ, СҚО-ның қантқа деген айлық қажеттілігі 760 тонна. Бұрын біз бөлшек сауда арқылы күн сайын 1 тонна сатсақ, 10-12 наурызда тұтынушылар 30 тонна қантты сатып әкеткен», - дейді Данияр Исаев.

Нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін былтыр тұрақтандыру қорын қаржыландыруға 800-ден 1,9 млрд теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу да 1,5 есе артқан. Өңірге тек қанттың ғана 12 вагоны жеткізілді.

Қазір әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының 15-і СҚО-да өндіріледі.


Соңғы жаңалықтар