СҚО-ның Тимирязев ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ерлан Жаров Тимирязев ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бүгін Тимирязев ауданы активіне және мәслихат депутаттарына жаңа әкім Ерлан Жаровты таныстырды.

Ерлан Жаров 1982 жылы туған. Екi жоғары бiлiмi бар: 2003 жылы Қарағанды «Фемида» заң академиясын «заңтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Көкшетау қаласындағы «Дезинфекция» АҚ заңгер болып бастаған.

2003 жылдан бастап 2015 жылға дейін Тайынша аудандық әкімдігінде бірқатар қызметті атқарды. Аудан әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

2015-2016 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласы «Агрофирма Қазэскпортастық» ЖШС бас директордың орынбасары болды.

2015-2018 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданы Зерендi ауылында «Зеренда-Астык» ЖШС директоры лауазымын атқарды.

2016-2019 жылдар аралығында Ақмола облысы Зерендi ауданы «Қызылегіс» фермерлік шаруашылығының басшысы болды.

2019 жылдан осы тағайындауға дейін Тайынша ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және кәсiпкерлiк мәселелер жөнiндегi орынбасары болып еңбек етті.


Соңғы жаңалықтар