СҚО-ның Тимирязев ауданына жаңа әкім тағайындалды
2019 жылғы 18 ақпан 12:59

СҚО-ның Тимирязев ауданына жаңа әкім тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Тимирязев ауданына жаңа әкім тағайындалды. Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасар Айдарбек Сапаров таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тимирязев ауданының жаңа әкімі болып Нұрлан Кеңесов тағайындалды.

Нұрлан Маратұлы 1983 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін көлікте басқару және ұйымдастыру инженері және менеджмент мамандықтары бойынша бітірген. 2009 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританияда білім алған. 2015 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік саясат Ұлттық мектебін тәмамдаған, мемлекеттік саясат- әлеуметтік ғылымдар магистрі.null

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті сарапшысынан бастап директор орынбасарына дейін мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болып еңбек етті.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT