СҚО-ның тергеу изоляторында дауыс беру қалай өтіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тергеу изоляторында отырған 155 адам өз құқығын пайдаланып, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Референдум учаскесі Петропавлдағы Заречный кентінің қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/1 мекемесінде орналасқан. № 656 референдум учаскесіне 45 шаршы метр аумақ акт залында бөлінген. Барлық қажетті жиһазбен, керек-жарақпен жабдықталып, жасырын дауыс беруге арналған кабинкалар, стационарлық сайлау жәшіктері қойылған.

«Мекемеміздің әкімшілік бөлігінде орналасқан учаскеде барлық қауіпсіздік талаптары сақталған. Дауыс беру орны өрт қауіпсіздігі және өзге де техникалық нұсқаулықтарға сай жабдықталған. Жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың барлығы алдын ала тексерілді. Екі стационарлық бейнебақылау камерасы орнатылды, жеке құрамды орналастыру әзірленді, тергеу барысына қамауға алынғандарды камералардан сайлау учаскесіне шығару схемасы бекітілді», - дейді ЕС 164/1 мекемесінің бастығы Рүстем Сағденов.

СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл референдум учаскесі – жабық. Мекеме аумағында дауыс беруге сот үкімі заңды күшіне енбеген күдіктілер, айыпталушылар және тергеу барысына қамауға алынғандар қатысады. Бүгін мекемеде дауыс беріп жатқан ең жас сотталған – 19-да. Мұдар Мағиев бұзақылық жасағаны үшін істі болған. Ал ең ересегінің жасы – 75-те.

«Үкімдері заңды күшіне енген сотталғандардың жалпыға бірдей сайлау құқығы болмайды. Қазір 4 маусым бойынша арнайы контингент саны 211 адам, оның ішінде: дауыс беру құқығы бар – 155 адам отыр. Олардың 50-і үкімнің заңды күшіне енуін күткен сотталғандар; 105-і қамаудағы-тергеуіндегілер. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар толық көлемде құжатталды», - дейді СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Рустан Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар