СҚО-ның Тайынша ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Тайынша ауданының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталмыш лауазымға Иван Турков тағайындалды. Ол 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқарған.

Иван Турков 1976 жылы Көкшетау облысының Красноармейск қаласында дүниеге келген. Қарағанды экономикалық «Қазпотребсоюз» университетін, «Фемида» заң академиясын «қаржы менеджері», «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1993 жылы мансабын Красноармейск есептік-касса орталығының операторы ретінде бастады. 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Красноармейск ауданы бойынша салық инспекторы болып жұмыс істеді. 1997-1998 жылдар аралығында Тайынша қаласындағы «Апако» ашық типті акционерлік қоғамының экономика, болжау және қаржы қызметінде маман болды. 1998 жылдан 2007 жылға дейін Тайынша ауданының салық инспекциясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2007 жылы Тайынша ауданының Абай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Тайыншы ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі болып қызмет атқарды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа әкімді аудан активіне таныстыра отырып, И.Турковқа бірқатар нақты тапсырмалар берумен бірге ауданды дамытудың перспективалық бағыттарын атады.

Авторы Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар