СҚО-ның сәулет-құрылыс саласының басшылығына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемесінің басшылығы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ басшысы және осы басқарманың бөлім басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оларғы қызметтік өкілеттіктеріне кіретін іс-әрекеттер үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

Қазіргі уақытта екі эпизодпен жалпы сомасы 650 мың теңге пара алды деген айып тағылды.

Мекеме басшысына қатысты үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасы ретінде санкция қолданылды.

Бұдан басқа, аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу нәтижесінде ірі мөлшерде пара алуға бағытталған, олар жоспарлаған басқа да қылмыстардың алдын алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Олардың кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.


Соңғы жаңалықтар