СҚО-ның полиция ведомствосында 500-ге жуық әйел еңбек етеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері нәзік жанды әріптестері мен саланың ардагер әйелдерін 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиында полиция қызметінде әйел адамның алатын орны ерекше екендігіне тоқтала кетті. Азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтап әрі қорғай отыра, қылмысқа қарсы күресуде, жалпы атқарып жатқан іске әйелдер баға жетпес үлес қосуда.

«Көпбалалы аналарға, ардагер әйелдерге, тыл еңбеккерлеріне, барлық қызметкерлерге қызметте жеткен жарқын жетістіктеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қымбатты әйелдер қауымы, осы айтулы күні сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, сүйіспеншілік, бақыт, отбасының амандығын, барлық арман-тілектеріңіздің орындалуын, еңбек пен қызметте жетістіктер, көктемнің жайма шуақ күніндей көтеріңкі көңіл-күй тілеймін», - деді облыстың бас полицейі.

Бұл күні 37 әйел қызметкер Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, естелік медальдармен, төсбелгілермен марапатталды. Тағы алтауына кезекті арнаулы атақтар табыс етілді: төртеуі «полиция майоры» шенін иеленсе, екеуі «полиция лейтенанты» погонын иықтарына тақты. «Қолдаушы», «Ерен еңбегі және қосқан үлесі үшін» естелік медальдарымен, СҚО ПД алғыс хатмен және грамотасымен ішкі істер органдарының алты әйел ардагері марапатталды.

Салтанатты іс-шара облыстық полиция ведомствосындағы мәдени орталықтың әртістері дайындаған әсерлі концерттік бағдарламамен аяқталды.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қатарында 494 қыз-келіншек қызмет етеді. Олардың 363 – офицер мен сержант, 81 – әкімшілік мемлекеттік қызметші, 50-і еңбек шарты бойынша жұмыс істейді. Облыстық полиция аппаратында 6 әйел дербес бөліністі басқарады, оның 3-еуі «полиция полковнигі» шенінде.


Соңғы жаңалықтар