+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

СҚО-ның полиция базасында 67,5 мың саусақ ізі және 82,5 мың адамның дерегі бар

2021 жылғы 4 тамыз 04:45
Бөлісіңіз:
СҚО-ның полиция базасында 67,5 мың саусақ ізі және 82,5 мың адамның дерегі бар

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалистері жыл басынан 1 600-ге жуық қылмыс орнында жұмыс істеп, деректер базасын 7700 дактокарта және 640 саусақ ізімен толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, криминалист, тергеуші, жедел уәкіл - үш бөліністен бір офицерден тәуліктік кезекшілікке түсіп отырады. Олар қылмыс жасалған жерлерге шығып, оқиға орнын тексереді және кей шұғыл мәселелерді шешеді. Жедел-тергеу тобы құрамындағы сарапшы-криминалистің рөлі маңызды. Қылмыскерлерді ізін суытпай ұстау, тіпті істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы да криминалистің іс-әрекетіне байланысты.

СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасында тәжірибелі 12 қызметкер жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі – подполковниктер мен майорлар. Бөлініске полиция полковнигі Игорь Семенов жетекшілік етеді. Жалпы облыс бойынша – 48 криминалист бар. Олардың барлығының да физика және жаратылыстану ғылымдары бойынша күрделі теориялық білімдері бар, шыңдалған, әрқайсысы полиция қызметіне қажетті заманауи цифрлық техникамен жұмыс істей алады.

Суық қаруды, құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу, жазулар мен таңбаларды, саусақ іздерін, иістерді, қаруларды зерттеу – солтүстікқазақстандық криминалистер зерттеулер мен сараптамалардың барлық аталған түрлерімен жұмыс істейді.

«Жеті айдың ішінде криминалистер 4500-ден астам жедел-іздестіру іс-шараларына, тергеу амалдарына қатысты, 1580 оқиға орнын тексерді», - дейді СҚО ПД ЖКБ бастығы Игорь Семенов.

«Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесі деректерінің күдіктілерді анықтауда септігі зор. Бүгінгі таңда базада 356 мың дактокарта мен 67 500 саусақ ізі бар. Биыл тағы 7700 дактокарта, сондай-ақ қылмыс орнынан алынған 640 саусақ ізімен толықтырылған.

«Биыл дактилоскопиялық есептермен жұмыс 76 қылмыстың бетін ашуға көмегін тигізді. Соның ішінде 4 адам өлтіру, 20 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 2 айдап әкету, 42 бөтеннің мүлкін ұрлау, 19 пәтер ұрлығы бойынша оң сәйкестік болды. «Папилонды» және дактоесептерді пайдалану арқылы 27 мәйіт анықталды», - дейді Игорь Семенов.

82 500 адам дерегі жиналған «Образ++» ақпараттық іздестіру жүйесі де жыл басынан 2500 адамға толықты, базамен жұмыс істеу барысында биылғы жылы қылмысқа күдікті 11 адам анықталды.

Деректер базасынан бөлек, күнелікті қылмыстарға шығу қорытындысы бойынша криминалистер аяқ киім іздері, бұзып кіру құралдары және басқа дәлелдер коллекциясын ұдайы толықтырып отырады. Бірнеше жыл бойы жиналған коллекция жыл басынан 26 қылмысты ашуға септігін тигізген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT