СҚО-ның оңтүстік аудандарында өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп келеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-ның оңтүстік аудандарында су деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Айыртау, Ғабит Мүсірепов аудандарын басып өтетін Ақанбұрлық өзенінің су деңгейі бір тәулікте Возвышенко селосының маңында 65 см, Ковыльное елдімекенінің жанында 51 см көтерілді. Ал Есіл өзенінің су деңгейі Тоқсан би ауылының маңында 105 см дейін көтерілген.

Сергеев бөгетіндегі судың деңгейі бүгінгі күні 767 см жетті. Су қоймасына 693 млн текше метр су сыйса, қазір ондағы судың көлемі 655 млн текше метрге жетті, яғни 94,5 %-ке толды. Ал Петропавл бөгетіндегі су деңгейі - 694 см.

«2-5 сәуір аралығында СҚО-ның Айыртау, Ғабит Мүсірепов аудандарында ауа температурасы жоғарылап, жауын жауады. Өзен-көлдердің мұз қабаты еріп, су қоймаларындағы су деңгейі күрт жоғарыламақ. Ал, сәуірдің екісі күні өңірде түнде қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Түнде ауа температурасы -3- +2 аралығында болса, күндіз 3-8 градус жылы, кей жерлерде сынап бағанасы +11 градусқа дейін көтеріледі», - дейді синоптик-мамандар.

Соңғы жаңалықтар