СҚО-ның Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментке ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Талғат Шымкентбайұлы Аликулов басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аликулов Талғат Шымкентбайұлы 1968 жылы Шымкент облысы Киров ауданының Киров кентінде туған. Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсіп технологиялық институтын және Д.А.Қонаев атындағы университтің «Заң» мамандығы бойынша бітірген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық Қорғаныс университетінің тыңдаушысы.

Өзінің әскери қызметін 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби қаласының әскери комиссариатында бастады.

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болды.

Соңғы жаңалықтар