СҚО-ның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өнімді қалай жинағандарын айтып берді (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында Ауыл шаруашылығы қызметкері күнін мерекелеу қарсаңында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз туры болып өтті.

Тілшілер «Жаркөл» ЖШС-нің жұмысымен танысып, компанияның егістік алқабына барды.

Биыл шаруашылықта 15 мың тонна астық жиналды. Компанияның директоры Александр Федоровичтің пікірінше, өнім жаман болған жоқ, орташа есеппен алғанда бір гектардан 16 центнерден жиналды.

«Орташа өнімділік - бір гектардан 16 центнер. Биыл жақсырақ болды, бір гектардан - 20 центнер, біз ризамыз», деді А.Кобзев.

Қазіргі кезде «Жаркөл» ЖШС-де 120 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ баспасөз турының қатысушылары Рощинский ауылдық округінде ауданның ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларымен кездесті.

«Жыл жаман болған жоқ, жақсы өнім жиналды. Нан өнімділігі бізді қуантады», - деп атап өтті «Тайынша-Астық» ЖШС-нің басшысы Анатолий Рафальский.

СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров аймақта 3210 мың гектар жерден астық жиналғаны, диқандар 5425 мың тонна астық бастырғанын, бұл ретте орташа өнімділік - 16,9 ц/га екенін атап өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков баспасөз турының қатысушыларына Ауыл шаруашылығы министрлігінің жыл сайын күзгі-егістік жұмыстарының күн сайынғы мониторингін жүргізетінін баяндап берді.

«Жалпы алғанда, республика бойынша 117 мың ұсақ шаруашылықтар бар. СҚО-да олардың саны 3000, олар үш жүз гектардан аспайтын жерге ие. Жаңа заң осындай шаруашылықтарға жаңа техниканы сатып алу және астық жинауды сапалы өткізу үшін қажетті шаралардың барлығын өткізу үшін бірігуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Боран Рахымбеков.

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары өздерінің кәсіби мерекесін жақсы көрсеткіштермен қарсы алуда. Биылғы жылы майлы дақылдар, картоп және көкөністердің өнімділігі жақсы болды. Мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі байқалып жатыр. Жыл басынан бері 55 млрд. теңге сомасына азық-түлік шығарылды. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласына 17,2 млрд. теңге жеңілдік қаражат бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 млн. теңгеге көп.

Соңғы жаңалықтар