СҚО-ның 9,5 мың шақырым жол инфроқұрылымы тексеріліп, тиісті ұйымдарға 999 ұйғарым жолданды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында автожолдардағы жол апаттары жиі тіркелетін қауіпті өткелдерге жаңа бағдаршамдар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері 11 айда өңір автожолдарына 1661 тексеріс жүргізді. 9,5 мың шақырымға созылатын жол инфроқұрылымы тексерілді. Нәтижесінде 2 мыңнан астам кемшілік анықталып, оларды ретке келтіру бойынша тиісті ұйымдарға 999 ұйғарым жолданды. Анықталған олқылықтардың басым бөлігі жол жабындысының жағдайына байланысты. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға жол инфроқұрылымын дамыту үшін 294 ақпарат жіберілді.

Бұл жұмыс нәтиже беріп, оқу орындарының маңына жасанды бұдыр жолдар, белгілер салынды. Мысалға, республикалық тас жолдарда 1120 белгі, облыстық маңызы бар жолдарда – 177, Петропавл көшелерінде – 328 белгі орнатылды және жаңартылды. Облыс орталығында магистральді көшелерде жерасты коммуникацияларының 98 құдығына жөндеу жүргізілді.

«Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 950 км және Петропавл қаласындағы айналма жолдың 10 км қауіпті жаяу жүргіншілер өткеліне бағдаршам орнатылды. Облыс орталығындағы М.Жұмабаев көшесінде жаңғырту жұмыстары аяқталысымен жаңадан 4 бағдаршам орнатылмақ», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.


Соңғы жаңалықтар