+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

СҚО-ның 3 ауданында полиция бөлімдерінің бастықтары ауысты

2020 жылғы 25 қыркүйек 22:29
Бөлісіңіз:
СҚО-ның 3 ауданында полиция бөлімдерінің бастықтары ауысты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының бас полицейі Марат Төлебаев аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарын таныстыру үшін үш ауданға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Марат Әлжанов тағайындалды. Марат Беркінбайұлы ішкі істер органдарында 1999 жылдың тамызынан қызмет атқарып келеді. Оның басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол. Бес жыл бойы Уәлиханов ауданы полиция бөлімін басқарды. Ал Ғабит Мүсірепов аудандық бөліністің бұрынғы басшысы Айдос Ідірісов СҚО ПД бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Руслан Әлижанов тағайындалды. Руслан Зайниденұлы ішкі істер органдарында 2001 жылдың қарашасынан қызмет атқарып келеді. Бұған дейін Уәлиханов АПБ бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Полиция полковнигі Марат Серкешев Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Марат Өмірбекұлы бұл салаға 1994 жылдың тамызында келген. Басшылық лауазымдарында тәжірибесі мол. Бұған дейін облыстық аппараттағы криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Облыстық полиция ведомствосының бастығы тағайындалған жаңа басшыларды аудан әкімдері мен активке таныстырды. Полиция бөлімінің жеке құрамының қатысуымен жаңа басшылардың алдында міндеттер қойылды. Бұл міндеттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының басым бағыттарында белгіленген.

«Қазір облыс аудандарында орақ науқаны қызған, диқандарға жан-жақты көмек көрсету – сақшылардың міндеті. Бөліністердің материалдық-техникалық жабдықталуын бағалаңыздар. Цифрландыру бойынша мәселелерді шешу, «қолжетімді полиция» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынас жасау қажет», - деп Марат Төлебаев жаңа тағайындалған басшыларға міндеттер қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT