СҚО-ны газдандыру өзекті мәселе – Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Энергетика министрлігі мен Үкіметке Солтүстік Қазақстан облысын газдандыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы үшін газдандыру мәселесі өзекті болып тұр. Мұның экономикалық және экологиялық аспектілері бар. Энергетика министрлігі мен Үкімет әкімдікпен бірге облысты газдандырудың түрлі жолдарын егжей-тегжейлі пысықтап, Президент әкімшілігіне ұсыныс енгізуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралап жүр. Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді.



Соңғы жаңалықтар