СҚО мен Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК мамандары Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 қыркүйек таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

12 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

12 қыркүйек күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

12 қыркүйек күндіз Петропавл қаласында күн күркірейді. Батыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.


Соңғы жаңалықтар