СҚО мен Ақмола облысында тасқын болған аумақтарда апаттық-құтқару жұмыстары жалғастырылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тасқын салдарын жою бойынша жұмыстар жалғастырылып жүргізліп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз хабарламасында айтылады.

Тасқынға қарсы шаралар Целиноград ауданының Оразақ және Жаңажол ауылдарында, Шалқар, Қорғалжын ауданының Кеңбидайық, Ұялы, Қорғалжын және Өркендеу елді мекендерінде, Ақмола облысындағы күре жолдардың 4 учаскесінде және Солтүстік Қазақстан облысының Корнеевка ауылында жүргізіліп жатыр. Ол үшін 159 адам, 35 техника бірлігі, 8 су сорғылау құрылғысы мен екі қайық жұмылдырылған.

Ақмола облысының Оразақ ауылында суды сорғылау жұмыстары жалғастырылуда. Тасқын кезеңінің басталуынан бері ауылдың су басқан аумақтарынан 419 168 текше метр су сорылды. Тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде.

Сондай-ақ кезекшіліктер Қорғалжын, Кеңбидайық, Ұялы аудандарында да жүргізілуде. Жаңажол ауылында Ақмола облыстық ТЖД су-құтқару қызметінің күшімен жергілікті тұрғындарды тасымалдау ұйымдастырылды. Құтқарушылар бір күнде елді мекенге азық-түліктер мен бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу үшін орташа есеппен алғанда 35-40 рейс жасайды.

Өркендеу және Шалқар ауылдарындағы қорғау бөгетін нығайту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда елді мекендерге инерттік материал салынған 16 200 қап төселіп, 2 656 метрді құраған уақытша бөгеттер құрылды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданының Корнеевка ауылында да жағаны нығайту жұмыстары жүргізілу үстінде. Тарангүл көліндегі су деңгейінің мониторингі жүргізіліп отыр. Сондай-ақ облыстық ТЖД-нің күшімен Есіл өзеніндегі су деңгейінің мониторингін бақылау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылған.

Тасқын кезеңінің басталуынан бері Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 49 030 метр уақытша бөгеттер салынып, 3 221 метр тоған қалпына келтірілді, 199 783 ыдыс-қаптар қолданылып, 3 224 319 текше метр тасқын суы сорылды.

Соңғы жаңалықтар