СҚО мемлекеттік қызметшілері жаңа төлем жүйесіне көшеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2019 жылдың бірінші тоқсанында солтүстікқазақстандық мемлекеттік қызметшілер жаңа төлем жүйесіне көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбекақы төлеудегі жаңалық әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Олардың еңбекақысы жұмыс істеу нәтижесіне, жауапкершілік деңгейіне, міндеттерін атқару үшін қажетті біліміне байланысты төленеді. Қазір лауазым деңгейі мен мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілі есепке алынуда.

Әкімдік отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов мемлекеттік органдардағы факторлық-баллдық шкаланы енгізу тақырыбын көтерді.

«Бірінші тоқсанда мемлекеттік қызметшілердің еңбақысын жаңа формада төлеуге көшеміз. Бұл еңбекақыны көбейтіп, міндеттерді қайта бөлуге мүмкіндік береді. Жұмыс әдісін өзгертетіндердің қайда баратыны туралы бірден ойлау қажет. Ведомствоға қарасты ұйымдарды «тазартып», шығындарды азайту керек. Көптеген қызметтерді аутсорсингке, бизнеске беру қажет. Мемлекеттік шығындар жыл сайын азаюы керек», - деп атап өтті Қ.Ақсақалов.

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілердің жаңа төлем жүйесіне көшу мәселесімен айналысатын жұмыс тобын құруды тапсырды.

Бүгін өңірге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Саян Ахметжанов келді. Ол тиісті органдардың басшыларымен  кездесіп, факторлық-баллдық шкаламен мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеуді енгізу туралы айтады. 

Соңғы жаңалықтар